Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін және (немесе) өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты  жер учаскесін және (немесе) өзге де жылжымайтын мүлікті  мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 84, 85, 86, 87-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік   басқару   және   өзін-өзі   басқару   туралы» Заңының  31-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-тарауына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы10  қазандағы  «Павлодар  облысы  Екібастұз  қаласының  бас  жоспары  туралы  (негізгі  ережелерді қоса  алғанда)»  № 838  қаулысына  сәйкес,  Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Павлодар облысы Екібастұз қаласының бас жоспарын орындау мақсатында жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскесін және (немесе) өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін 3 (үш) ай өткен соң белгіленсін.
  3. Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, 3-қабат мекенжайында орналасқан «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі ‒ ММ) жүгінсін.
  4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ осы қаулыны оның қабылданған кезінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін және оны орындау бойынша өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  5. Екібастұз қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері өз құзыреті бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Екібастұз қаласы әкімінің міндетін атқарушы                                                                 К. Адильжанов

 

Екібастұз қаласы әкімдігінің

2025 жылғы «____»_________

№ __ қаулысына қосымша

 

Жер учаскесі және (немесе) өзге де жылжымайтын мүлкі мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жататын тұлғалар тізімі

 

р/р

Меншік иесінің

тегі, аты, әкесінің аты

 

Жер учаскесінің және (немесе) өзге де жылжымайтын мүліктің

атауы, орналасқан жері және сипаттамалары

Құқық белгілейтін құжат

1

Артамонова Антонина Ярославовна, Музыка Юлия Сергеевна, Музыка Ярослав Сергеевич, Музыка Владимир Валерьевич

Екібастұз қаласы, Желтоқсан көшесі, 3/2-г-ж мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірлері 14:219:005:442, 14:219:005:442:1/А, алаңы 0,0015 га жер телімі, жалпы алаңы 13,1 ш.м гараж

 

Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік, телнұсқасы

(2014ж.15.08 №12004)

Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік (2021ж. 26.04 №2774)

Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік (2021ж. 25.08. №5718 )

Заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік (2021ж. 25.08. №5722 )