Ыстық сумен жабдықтау туралы

Ыстық сумен жабдықтау туралы

Құрметті қала тұрғындары!

Гидравликалық сынауларды жүргізу барысында жалпы 143 зақымдалу анықталса, олардың 25-і магистралдық жүйелерде, 118-і – ішкікварталдық желілерде. Жылу тасымалдағышын іске қосу жұмыстары жоғарыда аталған зақымдалуларды кезең-кезеңімен жоюдан кейін ғана жүзеге асырылатын болады.

Дәл қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстарымен жылу жүйелерінің жұмыскерлерінен және мердігерлік ұйымдардан құралған жалпы 17 бригада жұмыс жүргізуде.
Ыстық сумен қамту шаралары 2025 жылдың 10 тамызынан бастап, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Барлық сұрақтар бойынша 28-09-00, 28-09-01 нөмірлерiне хабарласуыңызды сұраймыз