
Тұрғын үй инспекциясында коммуналдық қызметтер, көппәтерлі үйлерді басқару органдары өкілдерінің (ПИК, ПИӨК, ЖК, ЖШС, МИБ) қатысуымен алдағы жылу маусымына дайындық мәселелері және қала тұрғындарының өтініштері бойынша жұмыс жиыны өтті.
Жылу энергиясын есепке алу бойынша міндетті аспаптандыру мәселесі көтерілді. "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес жылу энергиясын есепке алу аспаптары көрсетілетін қызметті берушінің балансына ауысуы тиіс", - деп баяндады "Экибастузские тепловые сети" ЖШС Бас директоры А.И. Моисей.
Басқару органдарының есептері және қала тұрғындарының өзекті мәселелері тыңдалды және қарастырылды.
"Жылыту маусымының үздіксіз және сапалы өтуі мақсатында барлық дайындық іс- шаралары мерзімінде орындалуы тиіс" - деп қорытындылады тұрғын үй инспекциясы басшылығы."