Сәтбаев көшесі, 12-үй, 2-корпустағы ескірген лифттерге профилактикалық бақылау жүргізілді, үй тұрғындарына өнеркәсіптік сараптама ұйымдастырып, лифтілер мен жабдықтарды жөндеу немесе толық ауыстыру туралы шешім қабылдау тапсырылды.
"Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері ортақ мүлікті күтіп-ұстауға міндетті", - делінген "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңда.
Үйлердің тұрғындары мақсатты жинау үшін өнеркәсіптік сараптамалар жүргізіп, мемлекеттік жаңғырту бағдарламасы бойынша ескірген лифтілерді күрделі жөндеу (толық ауыстыру) туралы заңды шешім қабылдады. Жақын арада пәтер иелері сараптамалық қорытындылар алады, лифттер жаңартуға кезекке тұрды.
Белсенділер мен «Витязь сервис» ПКК басқару органына үйге ортақ мүлікке жауапкершілікпен және адал қарағаны үшін алғыс айтамыз.
Ескірген лифтілерді ауыстыру мәселелеріне қатысты тұрғын үй инспекциясына 34 71 15 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.