Екібастұз қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту

Екібастұз қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту

Тұрғын үй инспекциясы бөлімі 19 қыркүйекте «Офис-сервис» ЖШС-імен  және ынталы тұрғындармен бірлесе төбе жабындысын жаңғырту жұмысы аяқталған Кеншілер к. 15В, Пшембаев к. 27, Энергетиктер к. 71 тұрғын үйлерді аралады. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында үш тұрғын үйді күрделі жөндеу жұмысы жалғасуда.

Абай к. 1В үй тұрғындары төбе жабындысын бұрынғы қалпына келтіруді, төсемдерді күрделі жөндеуді, температуралық жіктерді жылылауды және қасбетті жөндеуді құп көрді. Төбе жабындысының ағаштан жасалған тірегін орнату жұмыстары атқарылды, оның көп бөлігі қорғаныш мембранамен қапталды, желдеткіш шахталар жөнделді, цементті тұтас төсеу жұмыстары басталды, үй периметрінің жіктері қорғаныш көпіршікпен жылыланды.

Пшембаев к. 12 үйде төбе жабындысын қалпына келтіруге қатысты құрылыс жұмыстары жалғасуда, үйлердің кірешектеріне пластик терезелер орнатылды. 

Энергетиктер к. 42 үйді жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу: төбе жабындысына қар тоқтатқыш жүйе орнатылуда және кірешектерді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Нұрлы жер» бағдарламасымен жөнделуге енді ғана кіріскен үйлердің төбе жабындылары да қаралды: Энергетиктер к. 38А, Энергетиктер к. 38Б үйлердің ынталы тұрғындарымен бірлесе төбе жабындысының жағдайы қаралды. 

Пәтер және тұрғын емес жай меншік иелері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес жазбаша сауалнама жүргізуде, тұрғындардың басым көпшілігі оң шешім қабылдаған күнде, үй күрделі жөндеу бағдарламасымен жөнделеді. Барлық сауалдар бойынша Тұрғын үй инспекциясы бөліміне: 347354 телефоны арқылы жүгіну шарт.