Мемлекеттік қызметтертуралы

Мемлекеттік қызметтертуралы

Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуды насихаттау шеңберінде тұрғын үй инспекциясының мамандары қаланың денсаулық сақтау мекемелеріне барды, "Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызметін алу тәртібі туралы ақпараттық буклеттер мен брошюралар тарату бойынша акция өткізілді.

Тұрғын үй инспекциясы ұсынатын мемлекеттік қызметтер толық автоматтандырылған, ұсыну мерзімі 3 жұмыс күні ішінде, өтініш беру үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын өтініш берушілер "E-gov.kz" және "e-license.kz" порталдардағы өтінішке қауіпті техникалық құрылғының паспортын қоса береді

Мониторинг нәтижелері бойынша Мемлекеттік қызмет алушыларға 25-тен астам ақпараттық жадынама берілді.