Көппәтерлі үйлердің тұрғындарымен кездесулер туралы

Көппәтерлі үйлердің тұрғындарымен кездесулер туралы

Халықпен жалпы жиналыстар өтті. "Шакибаев"ЖК басқаруындағы М.Әуезов көшесі, 49/5 көппәтерлі үйінің тұрғындары тұрғын үй инспекциясына өз сұрақтарын қойды. Осы мекен-жай бойынша жолаушылар лифттері қызмет ету мерзімін аяқтады, оларды толығымен ауыстыру уақыты келді. Пәтер иелері мәселені шарттық негізде өнеркәсіптік сараптама жүргізе отырып шешеді және жаңғырту бағдарламасы шеңберінде лифтті жаңа жабдыққа ауыстыру жөнінде жазбаша сауалнама жүргізуде.

Тұрғын үй инспекциясына жеке бару барысында Энергетиктер көшесі, 91, Б.Момышұлы көшесі,  115, Е. Көшербаев көшесі, 58 және Сәтбаев көшесі, 38 үйлерінің тұрғындары да қабылданды.

 Тұрғын үй инспекциясымен жиналыстар ұйымдастыру үшін 34 71 14 нөмірі бойынша өтінім беру қажет.