Көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін жалпыүйлік мәселелерді шешу жөнінде кезекті жиындар ұйымдастырылып, алдағы жылыту маусымына дайындық, жылумен жабдықтаудың ішкі жүйелерін жуу, сондай-ақ үйді басқару формасын таңдау мәселелері қаралды.
М.Маметова көшесі, 52, Торайғыров көшесі, 110 және Энергетиктер көшесі, 116/2 үйлерінің тұрғындарына жолаушылар лифтісіне техникалық қызмет көрсетуге шарт жасасу ұсынылды. Жаңа сервистік ұйымға қызмет көрсетуге көшкен кезде тұрғындар механиктердің негізгі лифт жабдықтарына машиналық үй-жайларға кіруін қамтамасыз еткендері жөн.
Тұрғын үй инспекциясымен жиналыстарды ұйымдастыру үшін 34 71 14 нөмірі бойынша өтінім беру қажет.