Екібастұз қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Екібастұз қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жалпы ережелер

ОсыЕкібастұзқаласынабірыңғайсәулеттік келбет беруге бағытталғанкөппәтерлітұрғынүйлердіңқасбеттерін,шатырларынағымдағынемесекүрделіжөндеужөніндегі іс-шаралардыұйымдастыружәне жүргізуқағидалары(бұдан әрі-қағидалар), "Тұрғын үйқатынастарытуралы"ҚазақстанРеспубликасыЗаңы(бұдан әрі –заң)10-3-бабы2-тармағының 11) тармақшасына, ҚазақстанРеспубликасының "Қазақстан Республикасындағы жергіліктімемлекеттікбасқаружәнеөзін-өзі басқару туралы" Заңының31-бабы1-тармағының16-5)тармақшасынасәйкесәзірленді.

Ережелердекелесінегізгіұғымдарқолданылады:

      1) бірыңғай сәулеттік стиль – құрылыста пайдаланылатын, аумақтың белгілі бір құрылыс салу ауданына, оның ішінде жеке құрылыс салуға тән бірыңғай белгілер жиынтығы. Сыртқы көркі, сәулеттік стилі, түсі бойынша шешімі, қабаттылығы, әрлеу материалдары негізгі өлшемдер болып табылады. Жеке құрылыс салу ауданы үшін сыртқы көркі, сәулеттік стилі, түсі бойынша шешімі, қабаттылығы, әрлеу материалдары, қоршаулары, жабын түрі мен учаске аумағындағы шаруашылық-тұрмыстық құрылыстардың орналасуы негізгі өлшемдер болып табылады;

      2) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;

      3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және ұялы байланыс операторларының меншігі болып табылатын телекоммуникациялық жабдықтан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);

      4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеу – мерзімінен бұрын тозуын болғызбау және ақауларын жою мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген құрама бөліктері мен инженерлік жабдықтарын ауыстыру немесе қалпына келтіру жөніндегі уақтылы техникалық іс-шаралар мен жұмыстар кешені;

      5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – көппәтерлі тұрғын үйдің ресурсын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектерін және инженерлік жабдықтарын жаңа немесе анағұрлым мықты және үнемді, жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын түрлеріне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;

      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық пайдалану, санитариялық күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер кешені;

      7) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауын және дауыс беру арқылы қабылдауын қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы.     

     8) көппәтерлі тұрғын үй кондоминиумы – Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген меншік нысаны, бұл ретте пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар дара (бөлек) меншікте болады, ал дара (бөлек) меншікте емес бөліктер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады;     

     9) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауын және дауыс беру арқылы қабылдауын қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы.     

  1. Қағидалар Екібастұз қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін және (немесе) шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге ғана қолданылады.

 

  1. Көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру тәртібі

 

  1. Екібастұз қаласының сәулет-құрылыс келбетін қалыптастыру кезінде Екібастұз қаласының Бас жоспарын ұстану қажет.
  2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - тұрғын үй инспекциясы) "Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-сәулет органы) бірлесіп, Екібастұз қаласының бекітілген Бас жоспарының негізінде қалаға немесе оның бөліктеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған қасбеттерге, шатырларға реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін анықтайды.
  3. Екібастұзқаласынабірыңғай сәулеттік келбет беру үшіншатырларғаағымдағынемесекүрделіжөндеужүргізудіталап ететін көппәтерлітұрғынүйлердіңбекітілгентізбесінегізіндежергіліктібюджетқаражатыболғанкездетұрғын үй инспекциясысәулеторганыменбірлесіпмынадайжұмыстардыұйымдастырады:

      1) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың (олар болған жағдайда) меншік иелерін Екібастұз қаласының бас жоспарымен бекітілген өзінің ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы таныстыру;

       2)  пәтерлердің, көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерін жоспарланған жұмыстар және оларды жүргізудің болжамды мерзімдері туралы ақпараттандыру;

      3) көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттерін және шатырын реконструкциялау, ағымдағы және күрделу жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пәтерлер және тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысын ұйымдастыру.

  1. Жиналыс пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы болған кезде шешім қабылдайды. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы келіскен кезде қабылданады.
  2. Жиналыстың теріс шешім қабылданған жағдайда, бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған осы көппәтерлі тұрғын үйге қасбетті және (немесе) шатырды жөндеу жұмыстары жүргізілмейді.
  3. Жиналыстыңоңшешіміқабылданғанжағдайда тұрғын үйинспекциясықұрылыснормаларыныңталаптарынасәйкесжұмыстардыңқұрамыменкөлемін, қасбеттіжәне(немесе)шатырдыжөндеу(ағымдағынемесекүрделі) типін айқындауүшінәрбіркөппәтерлітұрғынүйдіңтехникалық жай-күйінтексерудіұйымдастырады.

 

  1. Көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі

 

  1. Жұмыс көлемін, жөндеутүрін(ағымдағынемесекүрделі)анықтауүшінәрбіркөппәтерлітұрғынүйдің қасбетінің,шатырыныңтехникалық жай-күйінтексеружөніндегіұйымдытаңдаумемлекеттіксатып алу туралызаңнамағасәйкесжүзеге асырылады.
  2. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшылар не құрамында аттестатталған сарапшылары бар аккредиттелген ұйым жүзеге асырады.
  3. Көп пәтерлі тұрғын үй қасбетінің, шатырының техникалық жай-күйін тексеру қорытындысы бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жергілікті бюджет қаражаты есебінен тиісті жобалар жөніндегі сараптама қорытындысын ала отырып, бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған қасбетті ресми интернет-ресурсында орналастыру жолымен шатырды ағымдағы жөндеудің сметалық есебін әзірлеу немесе күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырады.
  4. Жобалау сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы іздестіру және жобалау қызметінің тиісті түрлеріне (кіші түрлеріне) лицензиялары бар мамандандырылған ұйымдардың күшімен орындалады.
  5. Сараптаманың оң қорытындысын және ағымдағы жөндеудің сметалық құны немесе көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбетін және (немесе) шатырын күрделі жөндеудің жобалау-сметалық құжаттамасы бекітілгеннен кейін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасайды.
  6. Бірыңғайсәулеттік келбет беруге бағытталғанкөппәтерлітұрғынүйлердің қасбеттерін,шатырларынағымдағынемесекүрделіжөндеужөніндегіжұмыстардысатып алуды ҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттіксатып алу бюджеттікбағдарламаәкімшісіменуәкілеттімемлекеттікорганжүзеге асырады.
  7. Бірыңғайсәулеттік келбет беруге бағытталғанкөппәтерлітұрғынүйлердің қасбеттерін,шатырларынағымдағынемесекүрделіжөндеужөніндегіжұмыстардықабылдаудыҚазақстанРеспубликасыныңсәулет, қала құрылысыжәнеқұрылысқызметі саласындағы заңнамасынасәйкес,бюджеттікбағдарламаныңәкімшісі болып табылатынуәкілеттімемлекеттікорганжүзеге асырады.

 

  1. Қорытынды ережелер
  2. Екібастұз қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.