Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған логотип «Жасампаздыққа толы жылдар»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған логотип «Жасампаздыққа толы жылдар»

2021 жылдың желтоқсанында Қазақстан өз тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді.
Осы қысқа мерзім ішінде еліміз өте қарқынды дамып, зор табыстарға қол жеткізді. 30 жыл ішінде біз тұрақты экономика құрып, әлеуметтік салада, саясатта, мәдениетте және спортта табысқа қол жеткіздік.
Бүгінде еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге дайындалу үстінде.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын ауқымды мерекелеу аясында бірыңғай логотип әзірленді. Логотип минимализм стилінде жасалған. Бұл «30» саны мен жазулар түріндегі графикалық элемент. «30» санының дөңгелектілігі шексіздік белгісін және Қазақстанның үздіксіз дамуын, еліміздің одан әрі гүлденуін білдіреді.