Екібастұз қаласында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жүйелі жұмысы жалғасуда. Бұл алаңдар мектеп пен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған. Мұндай форматтағы кездесулер ата-аналар үшін мамандардан кеңес алып, балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қатысты өзекті мәселелерді талқылауға, сондай-ақ мектептің білім беру үдерісіне белсенді араласуға мүмкіндік береді.
Орталық жұмысының нақты үлгілерінің бірі – № 24 мектеп-гимназиясында өткен «Ашық есік күні». Кездесу форматы ата-аналарға мектеп әкімшілігі мен педагогтермен тікелей тілдесуге, көкейде жүрген сауалдарын қоюға және мектеп өмірінің практикалық қырларын талқылауға жол ашты. Шара барысында оқушылардың үлгерімі, емтихандарға дайындық, сондай-ақ білім беру ортасындағы психологиялық жайлылық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ашық қарым-қатынас форматы туындауы мүмкін қиындықтарға уақтылы жауап беруге ғана емес, сонымен қатар алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізуге, бала үшін мектепте де, үйде де тұрақты әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.