«Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы аясында қалалық әдістемелік интенсив өтті

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы аясында қалалық әдістемелік интенсив өтті

Екібастұз қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес Байет жалпы орта білім беру мектебінде «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасын іске асыру аясында «Ауыл мектебі – жаңа мүмкіндіктер арнасы» тақырыбында қалалық әдістемелік интенсив форматындағы семинар-практикум өтті. Іс-шараға Абай Құнанбаев атындағы №2 мектептің және ауыл мектептерінің басшылары мен педагогтері қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи оқыту әдістемелерін енгізу және ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту.