Ресурс және магниттік мектептердің әдістемелік өзара іс-қимылы: қалалық семинар

Ресурс және магниттік мектептердің әдістемелік өзара іс-қимылы: қалалық семинар

Екібастұз қаласының білім бөлімі ресурс және магниттік мектептер арасындағы әдістемелік өзара іс-қимылды дамытуға, тиімді тәжірибелерді таратуға және білім сапасын арттыруға бағытталған қалалық семинар өткізді.

Іс-шараға №22 мектептің, Байет, Бесқауға, Қ.Сәтпаев атындағы, Өлеңті және Алғамбаров атындағы мектептердің басшылары мен педагогтері қатысты.

Семинар «Білім берудегі инновациялар: сапаға бастар жол» тақырыбында өтіп, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және тиімді білім беру модельдерін енгізуге бағытталды.