Екібастұз қаласында «Қайнар» кешені базасында білім беру ұйымдарының басшыларымен жұмыс кеңесі өтті. Кездесу барысында қала мектептеріндегі білім беру сапасын арттыру және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Жиында оқушылардың оқу олқылықтарын анықтау және оларды жою бойынша жүргізілген мониторинг нәтижелері қаралып, білім беру ұйымдарына нақты әдістемелік және басқарушылық ұсынымдар берілді. Тексеру қорытындылары бойынша өзекті мәселелерге қатысты басқарушылық шешімдер қабылданды.
Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың тиімділігі сараланды. Балаларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, суицидтік тәуекелдер мен өзге де жағымсыз әлеуметтік құбылыстардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралар талқыланды, жас ұрпақ арасында асоциалды мінез-құлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру тетіктері қарастырылды.