Жыл мұғалімі – 2026

Жыл мұғалімі – 2026

№25 қазақ қыздар гимназиясының базасында «Жыл мұғалімі – 2026» байқауының қалалық кезеңі өтті.

Негізгі кезең — портфолио қорғау барысында қатысушылар өздерінің кәсіби жетістіктерін, педагогикалық тәжірибесін, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеудегі авторлық ұстанымдарын таныстырды.

Әділқазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
Бас жүлде — Дарбаева Алия Ерболатовна, №4 ЖОББМ;
I орын — Альжанова Дана Муратовна, №35 гимназия;
II орын — Кабышeва Асемгүл Даукеновна, №21 ЖОББМ; Мұхан Аягөз Рымбекқызы, №11 ЖОББМ;
III орын — Нигиметова Гүлбарам Сұлтановна, №14 ЖОББМ; Мұқатаева Дина Асқарқызы, №9 ЖОББМ.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде, I және II орын иегерлері облыстық кезеңге жолдама алды.

«Жыл мұғалімі» байқауы педагог еңбегінің беделін арттыруға, кәсіби дамуға серпін беретін маңызды алаң болып табылады.

Жеңімпаздар мен барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды. Құттықтаймыз!