Қазақстан Республикасының халқы арасында 2025-2026 жылдардың эпидемиялық маусымында тұмау, ЖРВИ және COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері:
1) медициналық, білім беру, әлеуметтік және өзге де ұйымдардың қажетті температуралық режимді сақтауын қоса алғанда, күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығын қамтамасыз етсін.
- Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшылары:
- ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап медициналық ұйымдардың тұмауға қарсы иммундау науқанын жүргізуге дайындығын, оның ішінде:
- ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке дейін тұмауға қарсы вакцинациялауға жататын адамдардың тізімін дайындауды;
- вакцинаны сақтау және тасымалдау талаптарын сақтауды;
- егу кабинеттерін, егу бригадаларын тұмауға қарсы вакцинациялауға дайындауды және иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жағдайда шұғыл көмек көрсетуді;
- ағымдағы жылғы 1 қазаннан бастап медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлеріне маска кию режимін енгізуді;
- ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық бөлімшелері, Комитет) ақпарат ұсына отырып, халықтың профилактикалық екпелерге жататын * топтарына хабардар етілген келісім алғаннан кейін тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізуді;
- эпидмаусым кезеңінде медициналық ұйымдардың тұмаумен, ЖРВИ-мен және COVID-19-бен ауыратын науқастарды қабылдауға дайындығын;
- ЖРВИ және тұмау белгілері бар науқастарды сұрыптау қағидатын сақтауды ескере отырып, тұмаумен, ЖРВИ-мен және COVID-19-бен сырқаттанушылықтың эпидемиялық көтерілуі кезінде медициналық ұйымдарда қосымша инфекциялық төсек-орнын ашу жоспарын бекітуді;
- тұмаумен, ЖРВИ және COVID-19-бен, ауруханадан тыс пневмониямен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін даярлауды (оқытуды), медициналық ұйымдарда
эпидемияға қарсы режимді сақтауды және басқа дифференциалды диагностикасын жүргізуді;
- вакцинация жүргізетін медицина қызметкерлерін екпелер жүргізу мәселелері бойынша оқытуды жүргізуді;
- кіреберісте ЖРВИ және тұмау белгілері бар
медициналық ұйымдардың аумағында және ғимаратында тиісті көрсеткіштері бар «сүзгілерді» ұйымдастыруды және олардың жұмыс істеуін;
- медициналық ұйымдарда температуралық режимді сақтауды;
- тұмау,^ЖРВИ және COVID-19 көріністері, олардың асқынулары (пневмония) бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға күнделікті патронажды, оларды уақтылы емдеуге жатқызуды қамтамасыз ете отырып, үйде шақыруларға бірінші кезекте қызмет көрсетуді;
- медициналық ұйымдарда дезинфекциялық режимді күшейтуді;
V5 12) пациенттер болатын жерлерде тұмаудың, ЖРВИ және COVID-19 профилактикасы туралы ақпараттық материалдарды (жадынамалар, нұсқаулықтар) (стенділер, кітапшалар, парақшалар, плакаттар, профилактика жөнінде бейнематериалдар көрсету) орналастыруды;
- тұмауға, ЖРВИ-ге және COVID-19-ға зертханалық зерттеулер үшін биоматериалдар алуды, сақтауды және жеткізуді;
- «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың
асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығына (бұдан әрі - бұйрық) сәйкес тұмауға, ЖРВИ мен COVID-19-ға күнделікті эпидемиологиялық қадағалау жүргізуді және ТҰА және АЖРИ-ға ШЭҚ жүргізуді;
- тұмау, ЖРВИ, ТҰА және АЖРИ-ды күнделікті және шолғыншы қадағалау шеңберінде:
- ТҰА, АЖРИ, ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілерімен медициналық ұйымдарға (МСАК, стационарлар) жүгінген пациенттерді;
- реанимация және қарқынды терапия бөлімшелеріне (бұдан әрі – РҚТБ) АЖРИ-мен емдеуге жатқызылған пациенттерді тұмау, ЖРВИ және COVID-19 вирустарына зертханалық тексеруді;
- мынадай жағдайларда: АЖРИ белгілерімен РҚТБ-не емдеуге жатқызылғандарды тұмауға және COVID-19-ға зерттеу үшін биоматериал алуды:
- егер РҚТБ-ге емдеуге жатқызылған пациенттерде биоматериалды алу РҚТБ-ге ауыстырылғанға дейін РҚТБ-дан тыс (қабылдау бөлмесі немесе басқа бөлімше) 2 тәулік ішінде жүргізілсе, биоматериалды алу жүргізілмейді;
- стационарға түскеннен кейін 2 және одан да көп тәуліктен кейін РҚТБ-ға ауыстырылған кезде тұмауға және COVID-19-ға үлгілерді қосымша алу жүргізіледі;
- ЖРВИ, тұмау және COVID-19, пневмониялар (J12.8; J12.9; J18.0; J18.1; J18.2; J18.8; J18.9) бойынша стационарлық, амбулаторлық емдеуде жатқан адамдардың сырқаттанушылығы, өлім-жітімі бойынша жас топтары бөлінісінде әр бейсенбі сайын (бейсенбіден бастап сәрсенбіге дейінгі аралықта) Комитетке, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ҚДСҰО) Жедел орталығына апта сайын ақпарат беруді;
- ЖРВИ, тұмау бойынша стационарлық, амбулаторлық емдеудегі адамдардың сырқаттанушылығы, өлім-жітімі бойынша жағдайларды есепке алуды жас топтары (0-4, 5-14, 15-29, 30-64, 65+ жас) бойынша және мынадай ХБС-10 кодтары бойынша (J00-J06, J09-J22) жүргізуді:
- J00-J06 (жоғарғы тыныс жолдарының жіті респираторлық инфекциялары);
- J09-J11 (тұмау);
- J12-J18 (пневмония);
- J20-J22 (тыныс жолдарының төменгі бөліктерінің жіті респираторлық
инфекциялары);
- осал топтар арасында ЖРВИ профилактикасын тұмауды және ЖРВИ- ды диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес жүргізуді қамтамасыз етсін.
- Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиесіліктегі білім беру ұйымдарының басшылары білім беру және тәрбиелеу объектілерінде:
- болмау себебін анықтай отырып, оқушылардың, қызметкерлердің келуіне күнделікті мониторинг жүргізуді және медициналық ұйымдарды хабардар етуді;
- ұйымдарда ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілері бар адамдар үшін күнделікті «таңертеңгі сүзгі» өткізуді ұйымдастыра отырып, балаларға білім беру және оларды тәрбиелеу ұйымдарында сырқаттанушылықтың алдын алу;
- таңертеңгі сүзгі кезінде анықталған тұмау, ЖРВИ және COVID-19 белгілері бар балаларды уақтылы шеттетуді ұйымдастыруды;
- білім беру ұйымдарына баратын ауырған балаларды бір күн ішінде ата- аналары келгенге дейін оқшаулауды ұйымдастыруды;
- білім беру ұйымдарында әр қабатта, әр сыныпта (аудиторияда, кабинетте) оқушылардың, персоналдың қолын өңдеу үшін тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды;
- жеке гигиена қағидаларын сақтау және ЖРВИ мен тұмаудың, COVID- 19-дың профилактикасы мәселелері бойынша оқушыларға тақырыптық диктанттар жүргізуді;
- ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілуі кезеңінде:
- жалпы білім беру ұйымдарында бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныптағы оқушылар арасында 20-дан 30%-на дейін ЖРВИ ауруы тіркелген кезде кабинеттік оқыту жүйесі тоқтатылады және күнтіңзбелік он күн ішінде сыныптарға жаңа балаларды қабылдануға тыйым салынады;
- бір инкубациялық кезең ішінде сыныптағы оқушылар арасында жалпы саны 30% және одан артық ЖРВИ-мен ауырғандар эпидемиялық процеске тартылған жағдайда, оқушыларды онлайн оқытуға ауыстыруды;
- Комитеттің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп тұмау, ЖРВИ және COVID-19 бойынша 2025-2026 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық кезінде білім беру ұйымдарының персоналына тұмаудың, этиологиясы тұмау емес басқа да жіті респираторлық инфекциялардың және COVID-19-дың профилактикасы шараларына оқытуды жүргізуді;
- ЖРВИ, тұмау және COVID-19 профилактикасы бойынша ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.
- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
- үйге шақыруларға қызмет көрсету үшін жағдайлар жасауды;
- төсек-орын қорымен қамтамасыз етілуге және қамтылуға мониторинг жүргізуді, эпидемиялық жағдай асқынған жағдайда медициналық ұйымдардың стационарларында қосымша инфекциялық төсек-орындарды ашу бойынша шаралар қабылдауды; \Jv
- мобильді бригадаларды ұйымдастыру мәселесін қарауды қамтамасыз етсін.
- Комитеттің аумақтық бөлiмшелерiнің басшылары:
- 2025 жылғы 10 қыркүйекке дейінгі мерзімде медициналық ұйымдардың тұмау, ЖРВИ және COVID-19-бен сырқаттанушылықтың эпидемиялық көтерілуі кезіндегі жұмысқа дайындығына бағалау жүргізуді;
- бұйрыққа сәйкес ЖРВИ, тұмау және олардың асқынулары (пневмониялар) кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық- профилактикалық іс-шараларды жүргізуді;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - ҰҒДСДО) филиалдарымен салыстырып тексеру жүргізе отырып, ЖРВИ, тұмау және COVID-19 жағдайларын есепке алуды;
- ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап жас ерекшеліктері, тәуекел топтарының санаттары бойынша халықты тұмауға қарсы иммундауға күн сайын мониторинг жүргізуді;
- аумақтар, жас ерекшеліктері және тәуекел топтары бойынша тұрғындар арасында ЖРВИ, тұмау және COVID-19-бен сырқаттанушылыққа, тұмауға қарсы вакцинацияланғандар арасында, жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балалар арасында ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылыққа ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап апта сайынғы, ағымдағы жылғы 1 қазаңнан бастап күн сайынғы мониторингті жүргізуді;
- ЖРВИ, тұмау және COVID-19-бен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, апта сайынғы бақылау деңгейлерінен артқан кезде аумақтарда шектеу іс-шараларын енгізуді;
- жергілікті атқарушы органдарды ЖРВИ-мен, тұмаумен және COVID-19- бен сырқаттанушылық және олардың асқынулары (пневмониялар) бойынша эпидемиялық жағдай, өңірде айналымда жүрген вирус түрлерінің белсенділігі және тұмау және ЖРВИ-дың профилактикасы және оған қарсы күрестің қажетті шаралары туралы хабардар етуді;
- халық арасында тұмаудың, ЖРВИ мен COVID-19-дың профилактикасы
және оған қарсы күрес шаралары туралы, сондай-ақ жұмыс берушілердің қаражаты есебінен жұмыскерлерді тұмауға қарсы вакцинациялау бойынша ірі кәсіпорындардың жұмыс берушілерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтмасыз етсін.
- Комитеттің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ҰСО):
- молекулалық-генетикалық зерттеу (ПТР, секвенирлеу) жүргізу үшін зертханалық шығыс материалдарының, тест-жүйелердің, диагностикумдардың азаймайтын қорын;
- молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізуді (ПТР, секвенирлеу);
- осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес үлгілер келіп түскен күннен бастап үш күннен кешіктірмей зерттеу нәтижесін бере отырып, COVID-19-бен қатар тұмауды, ЖРВИ, ТҰА және АЖРИ-ды күнделікті және шолғыншы қадағалау шеңберінде алынған материалға зерттеу жүргізуді;
- тұмауға оң үлгілерді ҚДСҰО «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалына (бұдан әрі – СЭСжМҒПО) жіберуді;
- ДДҰ ЕӨБ-ның (Tessy) апталық есебіне енгізу үшін тұмау бойынша секвенирлеу нәтижелерін СЭСжМҒПО-ға ұсынуды;
- ЖРВИ, тұмау, COVID-19 бойынша шолғыншы және күнделікті орталықтардың және ҰСО филиалдарының вирусологиялық зертханалары орталықтарының қызметіне бағалау жүргізу үшін оларға барып, ұйымдастыру- әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
- ҰҒДСДО:
- ағымдағы жылғы 2 қыркүйектен бастап апта сайын бейсенбі күндері Комитетке және ҚДСҰО Жедел орталығына тұмау, пневмония, ЖРВИ және COVID-19 (J00-06, 10, 11, 12.0, 12.2, 20.4, 20.5, 20.6, 20.9 кодтары, 1-07.2 АХЖ-10) диагноздары бойынша ауырған, қайтыс болған адамдардың саны туралы мәліметтерді ұсынуды (жүктеп алуды) қамтамасыз етсін.
- ҚДСҰО:
- ҰҒДСДО-мен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК-мен апта сайын, ай сайын салыстыра отырып, республика бойынша жас ерекшелігі, тәуекел топтарының санаттары бойынша халықты тұмауға қарсы иммундау туралы, ЖРВИ-мен, тұмаумен және COVID-19-бен сырқаттанушылық және олардың асқынулары (пневмониялар), олардан болған өлім-жітім туралы, тұмауға, ЖРВИ-ге және COVID-19-ға зертханалық зерттеу туралы ақпаратты жинақтауды;
- апта сайын бейсенбі күндері республика бойынша жас ерекшелігі, тәуекел топтарының санаттары бойынша халықты тұмауға қарсы иммундау туралы, ЖРВИ-мен, тұмаумен және COVID-19-бен сырқаттанушылық және
олардың асқынулары (пневмониялар), олардан болған өлім-жітім туралы, тұмауға, ЖРВИ-ге және COVID-19-ға зертханалық зерттеу туралы ақпаратты Комитетке (бұдан әрі – Комитет) ұсынуды;
- молекулалық-генетикалық зерттеулер (ПТР, секвенирлеу) жүргізу үшін зертханалық шығыс материалдарының, тест-жүйелердің, диагностикумдардың азаймайтын қорын;
- молекулалық-генетикалық зерттеулер (ПТР, секвенирлеу) жүргізуді;
- осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес үлгілер келіп түскен күннен бастап үш күннен кешіктірмей зерттеу нәтижесін бере отырып, тұмауды, ЖРВИ-ды, ТҰА- ны және АЖРИ-ды күнделікті және шолғыншы қадағалау шеңберінде алынған материалға тұмау және басқа да ЖРВИ және COVID-19 вирустарына параллель зерттеу жүргізуді;
- республиканың шолғыншы және күнделікті қадағалау орталықтарынан келіп түскен тұмауға оң нәтижелі үлгілерді қайта тестілеу жолымен зертханалық зерттеулердің сапасына бағалау жүргізуді, сондай-ақ «кері байланыс» қағидаты бойынша аумақтық вирусологиялық зертханаларға зертханалық зерттеулер нәтижелерін уақтылы ұсынуды;
- тұмауға кәсіптік панельдерді дайындауды;
- ДДҰ ЕӨБ-ның (Tessy) апта сайынғы есебіне эпидемиологиялық
деректерді және ПТР және секвени нәтижелерін енгізуді;
- шолғыншы және күнделікті қадағалау орталықтарының, аумақтық бөлімшелер мен ҰСО филиалдарының вирусологиялық зертханаларының қызметіне бағалау жүргізе отырып, шолғыншы және күнделікті қадағалау өңірлеріне 3 жылда кемінде 1 рет бару арқылы ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері
С. Бейсенова

