Әлеуметтік- тұрмыстық қызметтер туралы

Әлеуметтік- тұрмыстық қызметтер туралы

Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің «Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы» КММ -де Космонавтов көшесі 10 бойынша әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсетіледі:

 - бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінде есепте тұрған, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ қызмет алушыларды, оның ішінде әртүрлі себептермен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, тұрғын үйі жоқ немесе жоғалған адамдарды қабылдау және уақытша орналастыру;

 -төсек-орын беру, төсек-орынмен, жеке гигиена затымен және іш киіммен қамтамасыз ету;

 - жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіруге, сондай-ақ болу орны бойынша тіркеуге жәрдемдесу;

 - үш рет ыстық тамақ беру;

 - адамдардың тұру және ұзарту мерзімі Орталықтың әлеуметтік комиссиясының шешімімен белгіленеді және оны басшы бекітеді;

 - қызмет алушылардың жеке басының қол сұғылмауын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

 - орталықта қолайлы және моральдық-психологиялық ахуал құру;

 - орталықта ұсталатын адамдарды қоғамдағы қалыпты өмірге қайтаратын іс-шараларды өткізуге жәрдемдесу;

 - қызмет алушыларды Арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі мен түрлері, Орталықтың ішкі тәртіп ережелері туралы хабардар ету;

 - қажет болған жағдайда еңбек дағдыларын, дағдылары мен білімдерін қалпына келтіру үшін өндірістік шеберханалар құру.

Орталықтың жұмысы қиын өмірлік жағдайдағы тұлғаларды әлеуметтендіру мен бейімдеуге бағытталған.