«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ «Антарес» ЖШС-мен бірлесіп №1 балалар - жасөспірімдер спорт мектебі базасында футбол матчын өткізді

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ «Антарес» ЖШС-мен бірлесіп №1 балалар - жасөспірімдер спорт мектебі базасында футбол матчын өткізді

«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру шеңберінде «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ «Антарес» ЖШС-мен бірлесіп №1 балалар - жасөспірімдер спорт мектебі базасында футбол матчын өткізді. Ойынға екі команда: пробация қызметінің қызметкерлері және пробация қызметінде есепте тұрған адамдар қатысты.

Іс-шара пробация қызметінің қызметкерлері мен қамқорлығындағы адамдар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, сенімді қарым-қатынасты қалыптастыруға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Жарыс қатысушылар арасында ұйымшылдық, жауапкершілік және жеке өсуге деген ұмтылыстың дамуына ықпал етті.

Ойын достық және жігерлі атмосферада өтті. Барлық қатысушылар спорттық рухтың, командалық жұмыстың және адал күреске деген ұмтылыстың жоғары деңгейін көрсетті. Кездесу қорытындысы бойынша екі команда да естелік грамоталар, жүлделер мен сыйлықтар, сондай-ақ жағымды эмоциялар мен өмірдегі одан әрі оң өзгерістерге мотивация алды.