Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 17 наурызы мен 15 сәуірі аралығында Екібастұз қаласында «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы басталады.
Қаланың барлық тұрғындарын, меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларын, жеке кәсіпкерлерді, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын, мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдарды, меценаттарды, оқу орындарын, жастар бірлестіктерін, волонтерлер және өзге қоғамдық құрылымдарды қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз және мұқтаж азаматтарға - мүгедектігі бар адамдарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, ең төменгі зейнетақы алушы зейнеткерлерге, жалғызбасты және жалғыз тұратын мүгедектігі бар адамдарға және зейнеткерлерге, еңбекке жарамсыз азаматтарға, жетім балалар мен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және т.б., әлеуметтік қолдау көрсетуді сұраймыз.