
Бүгін, орталық әлеуметтік қызметкерлерімен, үй жағдайында әлеуметтік қызмет көрсетуде тұрған балалар үшін «Қалпақ» инешегін дайындау бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Балалар өз қолымен матадан, жөкеден, картоннан және жіптен қалай инешек жасау керектігін білді. Іс-шара соңында балаларға фетрден қояндар жасау үшін үй тапсырмасына арналған дайын материалдар таратылды. «Замандас» клубының жетекшісі Б.Б. Булкаироваға шеберлік сабағын өткізуге орын ұсынғаны үшін үлкен алғыс білдіреміз.