Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулы жобасына баспасөз релизі

Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулы жобасына баспасөз релизі

Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулы жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына,  Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 498 бұйрығына сәйкес әзірленген.
Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты Екібастұз қаласының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу болып табылады.
Қаулыны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталының ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.
Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=9515176

 

Екібастұз қаласы әкімдігінің
халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік
          мәселелер бөлімі ММ басшысы                                       Д. Баграмова