ЖОБА   Екібастұз қаласында мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

ЖОБА     Екібастұз қаласында мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 25 наурыздағы «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» № 84 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеудің тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 4 шілдедегі «Екібастұз қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» № 244/30 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3900 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

шешіміне қосымша

 

Екібастұз қаласында мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

1-тарау. Мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеудің тәртібі

1. Мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу (бұдан әрі – үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу) «Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәслелер бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (әрі қарай – уәкілетті орган) үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүзеге асырылады.

2. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балалар және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балалардан басқа) мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балалардың                    ата-аналарының біріне және өзге де заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі.
3. Ата-анасының біреуінің (заңды өкілінің) өтем тағайындау туралы жеке өтініш беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, ата-аналар (заңды өкілі) қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтінішпен жүгінуге басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.
4. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу бір жыл мерзімге тағайындалады және жүгінген күннен бастап Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Екібастұз қаласы психологиялық - медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ПМПК) қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін ұсынылады.
5. Өткен тоқсандағы үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу келесі тоқсанда жүргізіледі.
6. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу келесі жағдайда тоқтатылады:
1) мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі баланың 18 жасқа толуы;
2) мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі баланы оқу мекемесінің жалпы білім беретін сыныптарында оқыту;
3) мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі баланы толық мемлекеттік қамтамасыз етуге медициналық-әлеуметтік мекемеге орналастыру;
4) қызмет алушының заңсыз өтем тағайындауға әкеп соғатын анық емес мәліметтер ұсынуы;
5)  Екібастұз қаласының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету;
6) мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі баланың қайтыс болуы;
7)  ПМПК қорытындысында көрсетілген мерзімнің аяқталуы.
7. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу осы мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеудің тәртібі мен мөлшерінің                    6-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жағдайды қоспағанда, төлемді тоқтату үшін негіз болып табылатын жағдайлар туындаған күннен бастап тоқтатылады. мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі бала қайтыс болған жағдайда, үйде оқытуға жұмсалған шығынын өтеу мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі баланың қайтыс болған айын қоса алғанда жүргізіледі.

2-тарау. Мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға арналған өтемақы мөлшері

8. Мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу әр балаға тоқсан сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады.

3-тарау. Мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға өтемақы төлеу

9. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу уәкілетті органмен алушының жеке шотына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
10. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.