Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 19-бабының 20-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы «Автомобиль көлiгiмен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 859 бұйрығына сәйкес, НҚА жобасымен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Екібастұз қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 17 қазандағы «Инватакси қызметін алушылардың санаттарын кеңейту туралы» № 906/10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының кіріспесіне өзгеріс енгізіледі.
Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Қаулы жобасы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15841271 мекен- жайындағы «Ашық НҚА» тарауында «Электрондық үкімет» порталында жарияланды.