
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайынғы «Еңбек жолы – 2026» республикалық конкурсының басталғанын жариялады.
Конкурс еңбек беделін арттыруға, еңбек әулеттерін танымал етуге, өз саласы мен қоғамының дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерді көтермелеуге бағытталған.
«Еңбек күні» мен «Еңбек жолы» конкурсын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асырылады.
Екібастұз қаласының кәсіпорындарын конкурсқа қатысуға және
1. «Үздік еңбек әулеті»
2. «Өндірістің үздік жас қызметкері»
3. «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша қызметкерлер мен еңбек әулеттері арасында кандидаттарды іріктеу жөнінде жұмысты ұйымдастыруға шақырамыз.
Жүлде қоры:
• I орын - 1 000 000 теңге
• II орын - 500 000 теңге
• III орын-200 000 теңге
Туындаған сұрақтар бойынша Екібастұз қ., Энергетиктер к-сі, 62 мекенжайындағы «Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ-не 502- кабинетке жүгінуге болады. Телефон нөмірі: +7 (7187) 74-01-77.