
Екібастұз қаласында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауы басталды. Жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Байқау төрт номинация бойынша өткізіледі:
1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын». Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі (еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді, кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау жүйелерін ұйымдастыру, ең көп мүмкіндіктері шектеулі адамдардың санын жұмысқа орналастыру және т. б.) қаралады;
2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Осы номинацияда жұмыскерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қарастырылады;
3) «Үздік ұжымдық шарт». Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
4) «Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, қалдықтарды қайта өңдеуге және кәдеге жаратуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шаралар мен жобаларды іске асыруда айтарлықтай ерекшеленген үміткерлердің қызметі қаралады.
Байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы қарастырылған.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 1 шілдеге дейін жалғасады.
Туындаған сұрақтар бойынша Екібастұз қ., Энергетиктер к-сі, 62 мекенжайындағы «Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ-не 502-кабинетке жүгінуге болады. Телефон нөмірі: +7 (7187) 74-01-77.