ЖОБА Екібастұз қаласының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

ЖОБА           Екібастұз қаласының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Екібастұз қаласының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы «Екібастұз қаласының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» №111/15 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5461 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерi электрондық түрде эталондық бақылау банкiнде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

шешімге қосымша

Екібастұз қаласының аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

 

1-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

  1. Тұрғын үй көмегін тағайындауды «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
  2. Өтініштерді қабылдау және «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету нәтижелерін беру Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамы филиалының халыққа қызмет көрсету жөніндегі Екібастұз қалалық бөлімшесі (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және/ немесе egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
  3. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не оның нотариат куәландырған сенімхаты бойынша өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе «электронды үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
  4. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстары, аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне 7 (жеті) процент мөлшерінде белгіленеді;
  5. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісі қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.
  6. Тұрғын жайды пайдалануға және коммуналдық қызметті тұтынуға жұмсалған есепті-нормативтік шығындарды анықтау осы қызмет түрі үшін белгіленген тарифтер негізінде жүргізіледі.
  7. Тұрғын үй көмегін алуға құқығы пайда болған күннен бастап, тағайындауға өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанына тағайындалады.
  8. Тұрғын үй көмегiн алушылар уәкілетті органды тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе оның мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде екі апталық мерзімде хабарлайды.
  9. Қазақстан Республикасында жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар тұлғаларға немесе аз қамтылған отбасының мүшелеріне тұрғын үй көмегі көрсетілмейді.
  10. Тұрақты күтімге мұқтаж деп танылған мүгедектерді күтуді жүзеге асыратын тұлғалардан;

 - сексен жастан асқан адамдарды күтуді жүзеге асыратын тұлғалардан;

- үш жасқа дейінгі бала, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек бала күтімімен айналысатын тұлғалардан;

- жүкті әйелдерден;

- түберкүлез, психоневрологиялық, онкологиялық диспансерлерде есепте тұрған тұлғалардан басқа, жұмысқа жарамды отбасы мүшесі жұмыс істемейтін, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскери қызметте жоқ және жұмыссыз ретінде тіркелмеген аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетілмейді.

  1. Уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетілмейді.
  2. Тұрғын үй көмегі жұмыссыз адам жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасқан, кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген күннен бастап, ал Қазақстан Республикасының еңбекке қабілетті азаматтарына жұмыспен қамту бағдарламасының шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан күннен бастап қайта қалпына келтіріледі.

 

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

  1. Көмектің ең аз мөлшері тоқсанына айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің жартысынан кем болмауы керек.
  2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері тұрғын жайды пайдалануға және коммуналдық қызметтерге нақты есептелген төлемақы сомасынан аспауы тиіс. Есептеу құралдары бойынша қызметтерге ақы төлеу белгіленген тарифтер шегінде нақты шығындарға жүргізіледі.
  3. Өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының нормалары:

- бірінші топтағы мүгедектерге, жалғыз басты және жалғыз тұратын азаматтарға - жалпы алаңның 30 (отыз) шаршы метрі;

- екі немесе одан да көп адамнан тұратын отбасыларға - бір адамға 18 (он сегіз) шаршы метрден есептегенде, бірақ жалпы алаңнан көп емес.

  1. Өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін электр қуатын тұтыну нормасы айына бір адамға 110 (жүз он) киловатты/сағатты құрайды.
  2. Уәкілетті орган отбасымен (азаматпен) (не оның нотариат куәландырған сенімхаты бойынша өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу

  1. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегі төлемін алушылардың есеп шоттарына жүзеге асырады.