1-топтағы мүгедектігі бар адамдарға және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға санаторий - курорттық емдеуден өту кезіндегі әлеуметтік көмек

1-топтағы мүгедектігі бар адамдарға және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға санаторий - курорттық емдеуден өту кезіндегі әлеуметтік көмек

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына сәйкес, санаторий- курорттық емдеуден өту кезінде келесі әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған:

- 1 - топтағы мүгедектігі бар адамдарға еріп жүретін адамның тамақтануы, жол жүруі және тұруына 55 АЕК мөлшерінде ( 2026 жыл - 237 875  теңге);

- 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға еріп жүретін адамның тамақтануы, жол жүруі және тұруына 20 АЕК мөлшерінде ( 2025 жыл-  86 500 теңге);

Әлеуметтік көмек алу үшін қажет құжаттар (түпнұсқада ұсынылады):

  1. Жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін);
  2. 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарға - жеке көмекшінің қызметін алуға мүгедектігі бар адамның абилитациясы және оны оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігінен үзінді көшірмесі; 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға - санаторий-курорттық ем алуға мүгедектігі бар адамның абилитациясы және оны оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігінен үзінді көшірмесі;
  3. Растайтын құжаттар – орындалған жұмыстар актісі, шот – фактура.
  4. Қазпошта, Халық, Форте немесе Каспий банктерінде ашылған дербес шоттың 20 таңбалы нөмірі.

Қосымша ақпаратты Энергетиктер көшесі, 62 мекенжайындағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ-індегі №106 кабинеттен немесе 740120, 740081 телефондары арқылы алуға болады.