Екібастұз қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешім жобасына баспасөз-релиз

Екібастұз қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешім жобасына баспасөз-релиз

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі Екібастұз қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешім жобасын ( бұдан әрі – шешім жобасы) әзірледі.

Осы шешім жобасын әзірлеу мақсаты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек түрлерін өзгерту бөлігінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларымен сәйкестікке келтіру болып табылады.

Шешім жобасы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы                      2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабына,          Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы                      30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес әзірленді.

Шешім жобасы « Ашық НҚА » интернет – порталында орналастырылды, танысу үшін сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15789485