
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңында белгіленген талаптарға сәйкес ағымдағы жылдың 28 қаңтардың Екібастұз қаласының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінде 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету қорытындылары туралы жария талқылаулар өткізілді.
Жария талқылаулар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 2025 жылы тегін негізде 17 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
1) Тұрғын үй көмегін тағайындау;
2) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру;
3) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
4) Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
5) Тұрғын үй сертификаттарын беру;
6) Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
7) Мүгедектігі бар адамдарды техникалық - көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
8) Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшісінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
9) Мүгедектігі бар адамдарды есту қабілеті нашар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
10) Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
11) Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
12) Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу;
13) Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
14) Ақталған адамға куәлік беру;
15) Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу;
16) Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу;
17) Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен мүлікке билік ету, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу және сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру;.
Мемлекеттік қызметтер баламалы негізде, яғни бөлімге жүгінген кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) арқылы және электрондық түрде, «электрондық үкімет» порталы және ақпараттық жүйелер арқылы көрсетіледі.
2025 жылы бөліммен барлығы 14667 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
4335 мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз электрондық түрде («Электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) көрсетілді;
6855 мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы электрондық түрде («Электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) көрсетілді;
1837 «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz;
1575 - Мемлекеттік копорация арқылы;
65 - мемлекеттік қызмет балама негізде кеңсе арқылы қағаз нысанда көрсетілген, бірақ олар «электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорация және (немесе) әріптестік ұйымдар арқылы көрсетілуі мүмкін.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі құжаттардың толық топтамасын қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама беру болып табылады.
Қызмет көрсету кезінде қабылданған құжаттар негізінде халықты әлеуметтік көмек түрлерімен қамтамасыз ету қажеттілігі қалыптасады.
Бөлімнің жұмысы халыққа мемлекеттік қызмет көрсету арқылы әлеуметтік төлемдер және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен оңалту құралдарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Бөлімнің ресми сайтында өзекті ақпарат (халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің нормативтік-құқықтық актілері мен инфографикасы) орналастырылған, оларды жаңарту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспары шеңберінде бөліммен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жариялау бойынша медиа-жоспар әзірленді.
Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен тегін көрсетіледі.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері анықталған жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол берілмеді, шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді алудың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтарға телефон арқылы және жеке қабылдау кезінде тұрақты негізде консультация беру жүзеге асырылады, сондай-ақ өзекті ақпарат бөлімнің стендтерінде орналастырылады.
Халық арасында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдарды орналастыру, тікелей эфирлер мен брифингтерге, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелеріне, бос орындар жәрмеңкелеріне және т.б. қатысу арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы есепті ақпаратты тоқсан сайын Екібастұз қаласы аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің мекенжайына жолдайды.
Жария талқылау қорытындысы бойынша Бөлімге: