Мүгедектігі бар адамдарды 2026 жылға жұмыспен қамту және еңбек шарттарын «Еңбек» жүйесінде міндетті түрде тіркеу бойынша дөңгелек үстел

Мүгедектігі бар адамдарды 2026 жылға жұмыспен қамту   және еңбек шарттарын «Еңбек» жүйесінде міндетті түрде тіркеу бойынша дөңгелек үстел

Екібастұз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы З.О. Джаксыбаева «Горэлектросеть» ЖШС, «Қайнар» ББК, «Өнер» ҚМС және бірқатар білім беру мекемелерінің басшыларымен дөңгелек үстел өткізді. Кездесудің басты тақырыбы —мүгедектігі бар адамдарды 2026 жылға жұмыспен қамту және еңбек шарттарын «Еңбек» жүйесінде міндетті түрде тіркеу бойынша облыс әкімдігінің №323/1 қаулысын жүзеге асыру мәселесі болды.
Жиын барысында З.О.Джаксыбаева белгіленген көрсеткіштерді орындамағаны үшін әкімшілік заңнама нормаларын және Мансап орталығына ай сайынғы есептілікті ұсыну тәртібін түсіндірді. Диалог қорытындысы бойынша кәсіпорын басшыларына белгіленген квота шеңберінде азаматтарды уақтылы жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтау ұсынылды.