Құрметті Екібастұз қаласының жұмыс берушілері!

Құрметті Екібастұз қаласының жұмыс берушілері!

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ кәсіпорындардың кадрлық қажеттілігін анықтау және өңірдің кадрлық әлеуетін дамыту перспективаларын бағалау мақсатында сауалнама жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Сауалнама нәтижелері сұранысқа ие мамандарды даярлау және қайта даярлау көлемін жоспарлау, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру үшін пайдаланылатын болады.
Сауалнамаға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз:
👉 https://enbek.kz/ru/anketa-mnvo
Ақпаратты ұсыну мерзімі: 30 қаңтарға дейін (қоса алғанда).
Колледждер мен жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын жоспарлау кезінде кәсіпорыныңыздың кадрлық мүдделерін ескеру үшін ұйым басшылары мен HR-мамандарын сауалнамаға белсенді қатысуға шақырамыз.