Мемлекеттік қызмет алушылардың назарына!

Мемлекеттік қызмет алушылардың назарына!

2026 жылғы 27 қаңтарда Екібастұз қаласы әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бастығы А.К.Умарованың және «Екібастұз-сервис» КММ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 914-1-бабы аясында өзара іс-қимыл жасау алгоритмін жан-жақты талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша жұмыс үдерістерін ұйымдастыру мәселелері реттелді: адамдардың жұмысқа шығуы туралы жедел хабарлау тәртібі бекітіліп, есептік құжаттаманы тапсырудың нақты мерзімдері айқындалды. Сондай-ақ объектілерде жұмыс фактілерін жедел растау және әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдарға бақылау жүргізу мақсатында жауапты қызметкерлерді бекіту туралы келісімге қол жеткізілді.

Аталған шаралар әкімшілік жазаларды орындау жүйесін жетілдіруге және Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасы нормаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.