2026 жылғы 16 қаңтарда қала әкімінің орынбасары Б.С.Имангалиеваның төрайымдылығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті.

2026 жылғы 16 қаңтарда қала әкімінің орынбасары Б.С.Имангалиеваның төрайымдылығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті.

Күн тәртібінде ұжымдық шарттар жасасу мониторингі және 2026 жылдың бірінші тоқсанында жалақыны уақытында төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар мәселелері қаралды. Отырыс барысында қала кәсіпорындарында жалақы бойынша берешектің жоқтығы атап өтілді. Еңбек тұрақтылығын нығайту үшін жұмыс берушілерге ұжымдық шарттар жасасу жөніндегі жұмысты жандандыру және жұмыспен қамту бөліміне өзекті мәліметтерді ұсыну ұсынылды.
Соңында Б.С.Имангалиева Екібастұз қаласында жергілікті жерлерде еңбек заңнамасының сақталуын жедел бақылау үшін мемлекеттік еңбек инспекторын бекіту мәселесіне бастамашы болды.