Құрметті Екібастұз қаласының тұрғындары!

Құрметті Екібастұз қаласының тұрғындары!

 

 

2025 жылғы 29 желтоқсанда сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 51-үй (2-қабат) мекенжайында орналасқан Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ғимаратында Екібастұз қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда. 

Жәрмеңкені өткізу мақсаты – мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру.

Кеңес беру көмегін халықты жұмыспен қамту, тұрғын үй қатынастары, жер қатынастары, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, дене шынықтыру және спорт, ауыл шаруашылығы салаларының, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Павлодар облысы бойынша филиалының Екібастұз қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету бөлімінің мамандары көрсетеді.