
Тұрғын үй көмегі – бұл Қазақстандағы аз қамтылған азаматтар мен отбасыларға арналған мемлекеттік төлем. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй, коммуналдық қызметтер және тұрғын үйді жалға алу шығындарының бір бөлігін өтеу.
2025 жылы тұрғын үй көмегін қалай алуға болады:
Тұрғын үй көмегін өзінің жалғыз тұрғын үйінде тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алған, тұрғын үйге, коммуналдық қызметтерге және (мемлекеттік қор) баспананы жалдауға жұмсайтын нақты шығындардан төмен жиынтық табыстың 5% мөлшеріндегі шекті деңгей үлесі бар аз қамтылған азаматтар ала алады.
Көмек алудың негізгі шарттары:
1. Тiркеу және тұру: көмек тек тұрақты тiркелген және нақты тұрған жерi бойынша ғана көрсетiледi.
2. Жалғыз тұрғын үй: көмек тек бір тұрғын үй-жайға беріледі. Азаматтар өздерінің жалғыз тұрғын үйінде тұруы немесе оны мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алуы тиіс.
3. Табыстарды есепке алу: Отбасының табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша есептеледі. Кірістің барлық түрі есепке алынады: жалақы, жәрдемақы, алимент, бизнестен түсетін кіріс, жалға алу, бағалы қағаздар, сыйға тарту және т.б. Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында көрсетілгендерді қоспағанда (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығы).
4. Тағайындау кезеңі: Тұрғын үй көмегі бір тоқсанға (3 айға) беріледі. Осы мерзім аяқталған соң қайтадан өтініш беріп, табыс пен шығынды растап отыру қажет.
Өтініш беру екі тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін:
1. eGov.kz порталы арқылы (қызмет «Тұрғын үй көмегін тағайындау» деп аталады).
2. тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) жеке өзі.
Тұрғын үй көмегін ресімдеу үшін мыналар қажет:
· жеке куәлік;
· өтініш берер алдындағы тоқсанға отбасының табысын растайтын құжаттар;
· сол тоқсандағы коммуналдық қызметтерге (жылу, су, жарық, газ және т.б.), тұрғын үйді күтіп-ұстау мен күрделі жөндеуге төленген түбіртектер;
· байланыс қызметтері үшін (телефон және т.б.) түбіртек немесе келісімшарт;
· егер баспана мемлекеттік қордан жалға алынған болса – жалға алу шарты және төлем мөлшері көрсетілген құжат;
· банктік есепшот нөмері (IBAN).