Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 6 ақпандағы №118/15 «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 6 ақпандағы №118/15 «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасына  БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі Екібастұз қалалық мәслихатының   2024 жылғы 6 ақпандағы №118/15 «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасын ( бұдан әрі – шешім жобасы) әзірледі.

Осы жобаны әзірлеу мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен сәйкестікке келтіру болып табылады.

Шешім жобасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 - бабы 2 - тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы                                 8 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» № 117 бұйрығымен әзірленді.

«Ашық НҚА» интернет-порталындағы сілтеме:  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15677700