Құрметті жұмыс беруші!

Құрметті жұмыс беруші!

Еңбекақыны уақытында және толығымен төлеу өңірдегі қоғамдық - саяси жағдайға әсер ететін және азаматтардың әл - ауқатын қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады.
Сіздің назарыңызға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16 - бабының 41-5-тармағына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қаңтардағы №353 бұйрығына сәйкес жұмыс беруші қызметкермен электрондық еңбек шартын жасасуға және ол бойынша мәліметтерді міндетті түрде ENBEK.KZ порталында ЕШЕБЖ-не енгізуге міндетті екендігін жеткіземіз.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 250 - бабының 1 - тармағымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» №520 қаулысымен жұмыс берушілерге ай сайын қызметкердің жалақысынан МЗЖ есептеу қажет.
Әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында Сізден Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын сақтауды сұраймыз.