Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 қазандағы № 80/8 шешімімен бекітілген әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларына сәйкес Екібастұз қаласының колледждерінде оқитын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар қатарындағы студенттерге қалаішілік жолаушылар көлігінде жол жүруге әлеуметтік көмек көзделген - табыстарды есепке алмағанда ай сайын 2 АЕК мөлшерінде (2025 жылы – 7864 теңге).
Әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар:
1. Жеке басын куәландыратын құжат;
2. Мәртебесін растайтын құжат (ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік, ата-ана құқығынан айыру туралы сот шешімі, ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі, қорғаншылық белгілеу туралы қаулы және т. б.);
3. Колледжден анықтама;
4. Қазпошта, Халық, Форт немесе Каспий банктерінде ашылған дербес шоттың 20 таңбалы нөмірі.
Қосымша ақпарат алу үшін Энергетиктер көшесі, 62 мекенжайындағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ-не, № 106 кабинетке жүгіну немесе 740120, 740081 телефондары бойынша хабарласу қажет.