Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын, 12 аптаға дейінгі жүктілік мерзімінде есепке тұрған аз қамтылған отбасылардағы әйелдерге 20 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем қарастырылған (2025 жылы - 78640 теңге).
Әлеуметтік көмектің бұл түрі келесі негізде:
- өтініш берушінің және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
- жүктілік бойынша есепке қою мерзімін көрсете отырып, емханадан ДКК қорытындылары;
- бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы табысын растайтын құжаттар;
-Қазпошта, Халық, Форте немесе Каспий банктерінде ашылған дербес шоттың 20 таңбалы нөмірі болса көрсетіледі.
Ағымдағы жылдың 2 - тоқсанындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 53663 теңгені құрайды.
12 аптаға дейінгі жүктілік мерзімінде есепке тұрған мүгедектігі бар әйелдерге табысы есепке алынбай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін Энергетиктер көшесі, 62 мекенжайындағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ-не № 106 кабинетке немесе 74-01-20, 74-00-81 телефондары бойынша хабарласу қажет.