
Әлеуметтік кодексінің 103-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, жұмыс берушілер бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді олардың пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде еңбек жағдайлары мен жұмыс өтілін көрсете отырып, Электрондық еңбек биржасына орналастыруға міндетті екенін Сіздің назарыңызға жеткіземіз.
Осы талапты орындамау Қазақстан республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 98-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің
халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ