30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай әлеуметтік көмек

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне  орай әлеуметтік көмек

 

Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 25 ақпандағы «Павлодар
облысы әкімдігінің 2023 жылғы 18 тамыздағы «Павлодар облысы қалалары мен
аудандарының жергілікті өкілді органдарына алушылардың жекелеген
санаттары үшін атаулы және мереке күндеріне әлеуметтік көмектің
мөлшерлерін келісу туралы» № 202/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 62/1
қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың тамыз айында Конституция күніне орай
біржолғы әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған:
- Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде
оқитын мүгедектігі бар тұлғаларға – 60 АЕК (235920 теңге) мөлшерінде;
- Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын
мүгедектігі бар тұлғаларға – 30 АЕК (117960 теңге) мөлшерінде.
Қажет құжаттар:
1. Жеке басын куәландыратын құжат;
2. Мүгедектігі туралы анықтама;
3. Оқу шарты немесе оқу орнынан анықтама;
4. Қазпошта, Халық, Форте немесе Каспи банктерде ашылған 20
таңбалы жеке шот.
Көрсетілген көмекті алу үшін Энергетиктер көшесі, 62 мекенжайындағы
«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік
мәселелер бөлімі» ММ-індегі 1-қабат, №106 кабинетке (телефон: 74-01-20, 74-
00-81) жүгіну қажет.