Мүгедектігі бар тұлғалардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында әзірленген жеке абилитация және оңалту бағдарламаларына сәйкес мүгедектігі бар тұлғалар техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және оңалту қызметтері мен қамтамасыз етіледі, оның ішінде:
- мүгедек адамдарға протездік-ортопедиялық көмек көрсету;
- сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету;
- тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету;
- мүгедектігі бар тұлғаларға кресло-арбалар беру;
- мүгедектігі бар тұлғаларды санаторий-курорттық емдеу мен қамтамасыз ету;
- бірінші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға арналған жеке көмекшінің қызметтері;
- есту қабілеті нашар адамдарға арналған жест аутілі маманының қызметтері;
- гигиеналық құралдар мен қамтамасыз ету.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім мүгедектігі бар балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларды материалдық қамтамасыз ету төлемдерін жүргізеді, тоқсанына төлем бір адамға 8 АЕК құрайды.
ҚР Әлеуметтік Кодексін іске асыру шеңберінде халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту жүргізілуде, оның басты мақсаты – арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру. Мүгедектігі бар тұлғаларға тәуелсіз өмір салтын ұстануға және өмірдің барлық аспектілеріне жан-жақты қатысуға мүмкіндік беру, мүгедектігі бар тұлғаларға басқа адамдармен тең дәрежеде қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау қажет.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар тұлғаларға мынадай қызметтер көрсетіледі:
- гемодиализ қызметін алуға мұқтаж адамдарды көліктік тасымалдау жөніндегі қызмет;
- мүгедектігі бар тұлғалар көліктік тасымалдау қызметі (инватакси);
-көпқабатты ғимараттарда тұратын арбаға таңылған мүгедектігі бар тұлғалар үшін шынжыр табанды жылжымалы баспалдақ көтергіш қызметі.
- мүгедектігі бар тұлғалар арбасын жөндеу және техникалық қызмет көрсету қызметі;
- жолаушылар вагондарына отырғызу немесе түсіру кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына көтеру және түсіру үшін арнайы көтергіш ұсыну жөніндегі қызмет.
- мүгедектігі бар тұлғаларға тифлотехникалық құралдарды жөндеу жөніндегі қызмет.
Жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес Оңалту орталықтары мынадай қызметтерді ұсынады:
- тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер («Әлем» БОО ҚБ);
- психоневрологиялық сырқаты бойынша мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер («Өмір» ОШО ҚБ);
- психоневрологиялық сырқаты бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер ("Өмір» ОШО ҚБ).
- мүгедектігі бар тұлғаларға және зейнеткерлік жасқа толған адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер («Ардагерлер үйі» қарттар мен мүгедектігі бар тұлғаларды оңалтудың облыстық арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ және «Рухани Ертіс» ААҚ – Черноярская жемчужина).
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес Екібастұз қаласында стационар жағдайында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының уақытша тәулік бойы (6 айға дейінгі мерзімге) болуына арналған «Қорғау-Астана» ҚҚ жанындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға көмек көрсету орталығы жұмыс істейді.
Орталыққа тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, қатыгездікке ұшыраған, өз бастамасы бойынша да, білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының жолдамасы бойынша да жүгінген әйелдер мен олардың кәмелетке толмаған балалары қабылданады.
Барлық сұрақтар бойынша Энергетиктер көшесі 62, мекенжайы бойынша 105,110-кабинеттерге жүгінуге болады. Телефондары: 74-01-90, 74-02-01