«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы 28-баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтерді қамтитын ақпаратты, сондай-ақ осы Кодекстің 99-бабында көзделген демалыстарды беру туралы мәліметтерді еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (бұдан әрі - ЕШЕБЖ) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен енгізуге міндетті екенін жеткізеді.
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші қызметкерге жалақыны және өзге де төлемдерді (зейнетақы және әлеуметтік аударымдар) уақытында және толық көлемде төлеуге міндетті.
ҚР қолданыстағы заңнамасының нормаларын бұзу фактісі анықталған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын хабарлаймыз.