Екібастұз қаласында тұратын « қант диабеті», « жүйелі қызыл жегі» ауруынан зардап шегетін адамдарға әлеуметтік көмек

Екібастұз қаласында тұратын « қант диабеті», « жүйелі қызыл жегі» ауруынан зардап шегетін адамдарға әлеуметтік көмек

 

 

Құрметті қала тұрғындары!

 

Сіздердің назарларыңызға Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 29 сәуірдегі №153/18 шешімімен бекітілген Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларына сәйкес «1 - типті қант диабеті», «2 - типті қант диабеті» (инсулинге қажеттілік нысаны), « жүйелі қызыл жегі» ауруынан зардап шегетін адамдарға 10 АЕК мөлшерінде                             ( ағымдағы жылы сома 39320 теңгені құрайды) біржолғы әлеуметтік көмек көрсету қарастырылғандығын жеткіземіз.

 Осы әлеуметтік көмектің түрі Екібастұз қаласының емханалары ұсынған тізімдер негізінде табыс ескерілмей бір рет көрсетіледі.

Қосымша ақпаратты Энергетиктер көшесі, 62, мекенжайындағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ-індегі 1-қабаттағы № 106 кабинеттен (телефон:740120, 740081) алуға болады.