Жыл сайынғы республикалық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына қатысу мүмкіндігі туралы назарларыңызға ұсынамыз.
Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі және оған жеке кәсіпкерлік субъектілері (ірі, орта, шағын кәсіпкерлік) қатыса алады.
Ағымдағы жылы келесі номинациялар бойынша өтінімдер қабылданады:
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді, еңбекті қорғауды, кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т.б.).
«Үздік ұжымдық шарт»
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
«Экологияға қосқан үлесi үшiн»
Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шаралары мен жобаларын iске асыруда ерекше көзге түскен үмiткерлердiң қызметi қаралады.
«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын»
Бұл номинацияда жұмыс барысында жұмыскерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек талаптарын құратын үміткерлердің қызметі қаралады.
«Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы
Бұл номинацияда тұтас алғанда қоғамның және атап айтқанда өз ұйымы қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға материалдарды бір данада береді, бұл материалдардың құрамына:
1) қосымшасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылған өтінім. Барлық өтінімдердің деректемелері толық толтырылуы тиіс;
2) қызмет және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелеріне жасаған бағасының деңгейін көрсететін есебі. Есепке мыналар кіреді: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы; ұйымдық құрылым; өзге де қосымша ақпарат;
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар).
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген нысан бойынша толтырылған сауалнама мемлекеттік және орыс тілінде болуы тиіс. Сауалнама бойынша барлық тармақтар толық толтырылуы тиіс.
Ескерту: акциялар, жарғылық капиталдардағы мемлекеттің қатысу үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға материалдарды бір данада береді, бұл материалдардың құрамына:
1) Қағидаға сәйкес толтырылған өтінім;
2) Үміткердің өз қызметіне және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелеріне жасаған бағасының деңгейін көрсететін есебі. Үміткердің есебіне мыналар кіреді:
- заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;
- ұйымдық құрылым;
- өзге де қосымша ақпарат.
3) Есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар).
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген нысан бойынша толтырылған сауалнама.
Барлық сұрақтар бойынша Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, мекенжайы бойынша орналасқан «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ-індегі 502-кабинетке хабарласуға болады.