2025 жылғы 24 сәуірде Екібастұз қалалық мәслихатының XXIX сессиясы болып өтті. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Салтанат Корабаева 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет жобасындағы өзгерістермен таныстырды.
Түзетулер жоғары тұрған бюджеттерден трансферттер, бос қалдықтарды қайта бөлу және мемлекеттік сатып алудан үнемдеу есебінен жүргізілді.
Қосымша қаражат ТҮКШ саласындағы басым әлеуметтік-маңызды міндеттерді шешуге және ауылдық елді мекендерді дамытуға бағытталған.