Енді Қазақстанда «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысушылар мемлекет берген үйді сатып ала алады.
2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіруге шектеулерді алып тастайтын ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13-бабына енгізілген өзгерістер күшіне енді.
Қазіргі уақытта ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Атап айтқанда, Екібастұз қаласында 1600-ден астам отбасы жалға берілетін тұрғын үйде тұрады. Енді олар тұрғын үйді қалдық құны бойынша сатып ала алады.
Сондай-ақ апатты тұрғын үй иелеріне жекешелендіруге рұқсат беріледі.
Бұрын апатты үйде тұрып, кейін мемлекеттен пәтерді жалға алғандарға да жекешелендіру құқығы беріледі.
Барлық сұрақтар бойынша Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөліміне жүгіне аласыздар:
Мекенжайы: Энергетиктер көшесі, 62, 220 кабинет
Телефон: (87187) 347471