Павлодар облысында әкімшілік сот тәжірибесіне қатысты дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Павлодар облысында әкімшілік сот тәжірибесіне қатысты дөңгелек үстел ұйымдастырылды

2026 жылғы 16 қаңтарда Павлодар облысының №2 Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2025 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында әкімшілік соттардың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына және олардың жекелеген ережелеріне дау айтуға, азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыстылығын анықтауға, сондай-ақ мемлекеттік тілде әкімшілік талап қою тәртібіне қатысты негізгі жаңалықтар қаралды. Дөңгелек үстел жұмысына әкімшілік соттың төрағалары мен судьялары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Екібастұз қаласының адвокаттары мен заңгерлері қатысты.