2020 жылға арналған Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер, ауыл әкімі аппараттары мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

2020 жылға арналған Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер, ауыл әкімі аппараттары мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 08 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18- бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,спорт жәнеагроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер, ауыл әкімі аппараттары мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» №183 қаулысына және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 06 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,спорт жәнеагроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер, ауыл әкімі аппараттары мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,спорт жәнеагроөнеркәсіптіккешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер, ауыл әкімі аппараттары мемлекеттік қызметшілеріне 2020 жылы жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.

2. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет,спорт жәнеагроөнеркәсіптіккешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер, ауыл әкімі аппараттары мемлекеттік қызметшілеріне 2020 жылы тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау-бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.

3.Екібастұз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 сәуірдегі «2020 жылға арналған Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» № 420/53 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6824 тіркелген, 2020 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы        ТАӘ