2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 604 670,8 млн.теңгені, өнеркәсіп өндірісінің индекс – 100,2% -ды құрады.
Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 5 614,1 млн. теңгені, нақты көлем индексі –101,8%-ды құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 112 987,0 млн. теңгені, нақты көлем индексі –127,4% - ды құрады.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 9915 бірлікті немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 101,5%-ды құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 18 979,0 млн.теңгені, нақты көлем индексі – 130,4%-ды құрады.
Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру жалпы алаңы 14 390 шаршы метрді немесе 2024 жылдың тиісті кезеңіне 160,8%-ды құрады.
Бөлшек сауда көлемі 54 527,8 млн.теңгені, нақты көлем индексі –104,0%-ды құрады.
1 маусымдағы жағдай бойынша 1 497 жұмыс орны құрылды.